Қазақстанда заңсыз қосымша жанармай бактарын орнатудың 634 дерегі анықталды

170

Соңғы тәулікте тағы екі дерек тіркелді.

Қазақстанда заңсыз қосымша жанармай бактарын орнатудың 634 дерегі анықталды Фото: Бейнежазбадан

Қазақстанда жыл басынан бері көліктерге қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 634 дерегі анықталды, хабарлады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Министрлік заңсыз орнатылған қосымша жанармай бактары бар көліктерді анықтау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Әсіресе мемлекеттік шекара арқылы өтетін автокөлік өткізу пункттерінің маңында бақылау күшейтілген.

Рейдтердің мақсаты – ауыр жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жанар-жағармай материалдарын елден заңсыз әкетуге жол бермеу.

Тек соңғы тәулікте осындай екі дерек анықталған.

Полиция жүргізушілерді заң талаптарын сақтауға және заңсыз табыс табу үшін өз өмірі мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу