Қазақстанда заңсыз жүрген Африканың 11 азаматы елден шығарылды

528

Заңсыз жүрген шетел азаматтарын Алматының полицейлері жергілікті рейд кезінде анықтады.

Қазақстанда заңсыз жүрген Африканың 11 азаматы елден шығарылды Фото: polisia.kz

 

Алматы полициясы елде заңсыз жүрген Африканың 11 азаматын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Тек бір аптаның ішінде Қазақстан Республикасында заңсыз тұрып жатқан Африка континентінің 11 азаматы анықталды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен олар Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдердің 10 және көршілес мемлекеттердің 137 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айта кеткен жөн. 23 шетел азаматы мемлекеттен шығарылды. Қабылдап-таратуға құжаттары жоқ 52 шетелдік азамат орналастырылды", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу