Қазақстанда зейнет жасы өзгереді. Кешелі бері әлеуметтік желілерде осындай жазба таралуда. Онда ер адамдар 61 жастан, әйелдер 57 жаста зейнетке шығатыны айтылған. Ақпараттың шынайлығын анықтау үшін Atameken Business Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хабарласты. Жауапты ведомство жазбаны жоққа шығарды.
"Бұл – фейк, зейнетке шығу жасының өзгерісі туралы ешқандай сөз болған жоқ", – деп мәлімдеді министрлік.
Қазіргі уақытта елімізде ерлер мен әйелдер зейнетке жарты жылдық өсім бойынша 59,5 мен 60 жаста шығады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу