Мұндай ұсынысты Қазақстан Халқы партиясы мен Қазақстанның еңбек конфедерациясы жасады. Партия төрағасы Айқын Қоңыровтың айтуынша, күн сайын бағасы шарықтап бара жатқан тауарлар мен тұрақсыз инфляция кезінде біздегі айлық тым мардымсыз. Оны арттыру үшін еліміздегі еңбекақыны есептеу әдісін қайта қарау керек. Осы мақсатта Үкіметке Халықаралық еңбек ұйымының №131 конвенциясын ратификациялауды ұсынылыпты. Соның нәтижесінде бір адамның ғана емес оның отбасы мүшелерінің де қажеттіліктерін ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеудің заңнамалық тәртібін енгізуге болады. Айта кетсем, қазір еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңге. Жаңа жылдан бастап оның көлемі 60 мың болады.