Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 2017 жылы Қазақстанда кәсіпкерлердің саны қысқарған. Алайда, басқа ШОБ өкілдерінің сапасы жақсарып келеді, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Қазақстанда кәсіпкерліктің өсу қарқыны бәсеңдеп, өзін-өзі басқарушылар саны 20 мың адамға қысқарған.
Экономикадағы тұрақсыздық жағдайы Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне қысым көрсетуде – 2016 жылдың 2 тоқсанындағы көрсеткіштермен салыстырып қарағанда, ағымдағы жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша ҚР өз-өзіне қызмет етушілер саны 0,9% (немесе 19,9 мың адамға) қысқарды. Жылдың басынан бастап мұндай азаматтардың саны 0,1% кеміді.
Қазақстандықтар жалдамалы жұмысқа бет алып жатыр. Осы уақыт аралығында олардың қатары 1,2%, немесе 76 мың адамға өсті.
Нәтижесінде ҚР экономикалық тұрғыдан алғанда белсенді, өз-өзіне жұмыс жасайтын тұрғындардың сапасы жақсарып келеді. Қазіргі уақытта олардың 86,4 % ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары табыс тауып отыр. 2013 жылдың басында бұл көрсеткіш тек 58,3% құраған еді.
Қалалық кәсіпкерлер тиімділігінің деңгейі – 87,1% көрсеткіште болса, ауылдың деңгейі – 85,9% құрайды. Алайда, ауылдағы өз-өзіне жұмыс жасайтын қазақстандықтар соңғы төрт жыл ішінде біршама алға жылжыды. 2013 жылы олардың көрсеткіші небәрі 52,7% ғана болатын.
Соңғы жылдың ішінде ҚР өз-өзіне жұмыс жасаушылар саны 16 аумақтың 8-інде өсті. Олардың қатарында Алматы облысы алдыңғы орында – 2016 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда осындай тұрғындардың саны 35,7 мың адамға немесе 19,9%, сондай-ақ Ақтөбе облысындағы тиімді кәсіпкерлер саны – 9,6 мың адамға немесе 18,4%; Шығыс Қазақстан облысында —9,1 мың адамға немесе 5,4% артты.