Қазақстанда жалған белорус майы анықталды

1101

Қазақстанда жалған белорус майы анықталды

Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқын қорғау комитеті танымал белорус кәсіпорындарының атын бүркеніп жалған сары май жасау фактісін анықтады.

Жалған өнім шығарумен Алматының "VKV Company" ЖШС әшкере болды.

"Аталған компания көтерме сауда базарларынан түрлі өндірушілердің майын сатып алып, оған түрлі қоспалар қосып қайта әзірлегеннен кейін, майды белорустың белгілі сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың қаптамасына салғаны анықталды", - делінген комитеттің хабарламасында.

Осылайша "Лепельский молочно-консервный комбинат" ААҚ және "Слуцкий сыродельный комбинат" ААҚ секілді белорус сүт кәсіпорындарының тауарлық белгілері заңсыз қолданылған.

Комитеттің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті қазіргі кезде компанияға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізуде, оның қорытындысы бойынша әкімшілік шара қолдану туралы мәселе шешіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу