Қазақстанда жаңа әуекомпания пайда болуы мүмкін

476

Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Қазақстанда жаңа әуекомпания пайда болуы мүмкін Фото: inbusiness.kz

ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Қазақстан нарығында жақын арада қандай жаңа авиакомпания пайда болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талғат Ластаевтың айтуынша, бүгінде бұл мәселе шетелдік әуе компанияларының өкілдерімен талқылануда.

"Келіссөздер қиын процесс екенін білесіздер, бірақ мен біржақты айта аламын, қазір біздің әуе тасымалы нарығына халықаралық ойыншылар тарапынан қызығушылық бар", - деді Көлік вице-министрі.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда "Оңтүстік-Шығыс Азияның"  әуе тасымалдаушысы жұмыс істеуі мүмкін екенін айтты.

"Бұл мүмкіндігінше тезірек болады деп үміттенеміз, өйткені бұған көптеген факторлар әсер етеді", - деп қосты Талғат Ластаев.

Айта кетейік, бұл туралы 2023 жылдың маусымында белгілі болды. Сол кезде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болған, қазір Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, әуе компаниясы ел ішінде рейстерді орындайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу