Елімізде күн электр стансаларына қажетті панелдерді өндіретін кластер іске қосылады, деп хабарлайды 24.kz.
Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің Бейжіңдегі отырысында осындай келісім жасалды. Жасыл энергетика саласындағы әріптестіктің аясында Қазақстан аумағында жаңа кәсіпорын құрылды.
Бейжіңде Kazakh Invest пен француздық "ECM Technologies" және қытайлық "CEEC – NWPC International" компаниялары үшжақты келісімге қол қойды.
Тараптар осыған дейін Францияға барып әріптестіктің мән-жайын талқылап қайтқан. Нәтижесінде француздық және қытайлық компаниялардың қатысуымен Қазақстанда жұмыс істейтін бірлескен кәсіпорын құрылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу