Осы жылдың алғашқы бес айының қорытындысы әлемдік автоөнеркәсіп қалпына келгенін байқауға болады, деп жазады Inbusiness.kz Finprom-ға сілтеме жасап.
Мәселен, 2023 жылғы қаңтар–мамырда бүкіл әлемде 34,8 млн жаңа автокөлік сатылды — 2022 жылғы қаңтар–мамырға қарағанда 10,5%-ға артық. Әлемде сатылған әрбір үшінші жаңа көлік Қытайға тиесілі — 10,4 млн автомобиль (өсім — бір жылда 10,5%). Одан кейін АҚШ (6,3 миллион автомобиль) және Батыс Еуропа (5,4 миллион көлік) келеді.
Өткен жылмен салыстырғанда Жапонияда жаңа автомобильдердің сатылымы 17,5%–ға, 2023 жылғы қаңтар-мамырда 2 млн-ға дейін айтарлықтай өсті. Одан кейін Шығыс Еуропа, соның ішінде Түркия мен Батыс Еуропа — сәйкесінше 16,4% бен 16,3%-ға артқан. Ал көрші Ресейде жағдай керісінше - биылғы қаңтар–мамыр айларында тек 225,5 мың жаңа автокөлік сатылды — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға аз.
Ал бүкіл әлем бойынша бәрінен де Қазақстанның жағдайы жақсы. Өйткені биылғы қаңтар–мамыр айларында 66,3 мың жаңа автокөлік сатылды – 2022 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда көрсеткіш бірден 65,8%-ға артқан. Мұндай рекордтық мәндер екінші ай қатарынан тіркеліп келеді. Осы жылдың мамыр айында 14,7 мың жаңа автокөлік сатылды.
Қазақстандағы ең танымал жаңа автомобиль брендтері — Chevrolet пен Hyundai отандық зауыттары шығаратын көлік түрлері, олардың сатылымы жалпы көлемнің жартысынан астамын құрады: тиісінше 17,6 мың және 17,4 мың автомобиль.
Қазақстанда құрастырылатын тағы бір бренд — Kia бес айда 9,9 мың жаңа автомобиль сатылымы көрсеткішпен көшбасшылардың үштігін жабады.
Сондай-ақ, осы жылы ең танымал брендтердің ондығына бірден 5 "қытай" кірді: Chery (3,4 мың машина), Haval (2,1 мың), Exeed (1,7 мың), Changan (1,6 мың) және Jac (1,5 мың). Сонымен қатар Toyota (3,2 мың авто) мен Lexus (1,4 мың) та үздіктер қатарынан түсер емес.