Жаңа мерекелік күндер тоғыз саланың қызметкерлері үшін енгізілді:
- Қаржы мониторингі органдарының қызметкерлері күні – 28 қаңтар;
- Көлік және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілде айының бірінші жексенбісі;
- Теміржол көлігі қызметкерлерінің күні – тамыз айының бірінші жексенбісі;
- Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласының қызметкерлерінің күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
- Техникалық және кәсіби, орта оқу орнынан кейінгі білім беру қызметкерлерінің күні – 2 қазан;
- Автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
- Автожол қызметі қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
- Бухгалтерлік есеп және аудит саласының қызметкерлерінің күні – 10 қараша;
- Құқықтық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні – 13 желтоқсан.
Сонымен қатар, аталған мерекелер Үкіметтің 2024 жылғы 16 тамыздағы №668 қаулысымен бекітілгеніне байланысты Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні аталған тізімнен алып тасталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу