Қазақстанда жаңа министрлік пайда болды

764

Қазақстанда жаңа министрлік пайда болды

Осыған қатысты ақорда сайтына президенттің жарлығы жарияланды.

Онда: "Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып аталсын.  Министрлікке Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін. Қазақстан Республикасының үкіметі: жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді; осы жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақта: "Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрлігі;". Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелсін. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – деп жазылған президенттің пәрменінде.

Жарлыққа 28 маусым күні қол қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу