Қазақстанда жаңа мұнай кен орындары игеріледі – LS

785

Елімізде перспективалы мұнай-газ учаскелерін зерттеуге миллиардтаған теңге бөлінеді.  

Қазақстанда жаңа мұнай кен орындары игеріледі – LS Фото: kmgep.kz

Қазақстанда жаңа мұнай кен орындары игерілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz LS-ке сілтеме жасап.

"ҚазМұнайгаз" ұлттық компаниясының мәліметінше, Мұғалжар, Березовский, Жарқын, Болашақ және Солтүстік өзен учаскелері туралы сөз болып отыр. Оларды 2023-2024 жылдары KMG barlau еншілес компаниясы зерттейтін болады. Әрбір учаскеге 2 млрд-тан 11 млрд теңгеге дейін қажет болады.

"Бір учаскеге 2D-сейсмикалық барлаудың жоспарланған көлемі шамамен 300-ден 2,7 мың км. 3D сейсмикалық барлау 400 шаршы км-ге жүргізіледі. Болжамды геологиялық ресурстардың көлемі тәуекелдерді есепке алмағанда бір учаскеде шамамен 24 млн-нан 350 млн тоннаға дейін болуы мүмкін", - деп түсіндірді ҚМГ-да.

Компанияда атап өткендей, барлық осы аумақтар бойынша табысқа жету ықтималдығы 4-13%-ды құрайды, бұл осындай өңірлік жоспарға геологиялық барлау жүргізу кезіндегі орташа көрсеткіш болып табылады. Қорытындысы бойынша ресурстық база нақтыланып, сондай-ақ, жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасасумен неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу үшін перспективалық аймақтар бөлінеді.

Айта кетейік, Жарқын (Маңғыстау облысы) учаскесі Үстірт – Бузачинск бассейнінің оңтүстік – батыс бөлігінде Оңтүстік – Бузачинск иілісі шегінде орналасқан. Солтүстік өзен (Маңғыстау облысы) Өзен – Қарамандыбас кен орнының солтүстік бөлігінде Маңғышлақ бассейнінің Беке – Башқұдық қорғанының шегінде орналасқан. Березовский (Батыс Қазақстан облысы) Каспий маңы ойпатының солтүстік борттық аймағында орналасқан. Мұғалжары (Ақтөбе облысы) Каспий маңы ойпатының шығыс бортының солтүстік бөлігінде орналасқан. Болашақ (Маңғыстау облысы) – Үстірт – Бузачинск бассейнінің солтүстік бөлігінде екі ірі тектоникалық элементтердің түйіскен жерінде – Каспий маңы және Солтүстік Үстірт ойпаттарында. Сирек кездесетін сейсмикалық бейіндер желісі бойынша учаске шегінде Сарытау, Салқын және Арал құрылымдары қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу