Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытын салу қарастырылып жатыр

188

Елімізде жылына 5 миллион тонна мұнай өңдей алатын төртінші зауыттың құрылысы жоспарланып отыр.  

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытын салу қарастырылып жатыр Фото: oilclub.kz

Энергетика министрлігі жобаны жүзеге асыру үшін бірнеше өңірді, соның ішінде Маңғыстау облысын да қарастырып отыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысы 2025-2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге аспақ.

Құжатқа сәйкес, жоба бірнеше кезеңмен іске асырылады:

  • 2028-2030 жылдары – техникалық-экономикалық негіздеме (pre-FEED) әзірленеді;
  • 2030-2032 жылдары – жобалық-сметалық құжаттар дайындалады;
  • 2032-2040 жылдары – зауыттың құрылысы жүргізіледі.

Болашақ кәсіпорын көмірсутек шикізатын терең өңдеуге және ТС-1/Jet A-1 санатындағы авиациялық отын өндіруге бағытталмақ.

"Маңғыстау облысында қуаттылығы жылына 5 млн тонна жаңа мұнай өңдеу зауытын салу алдын ала инвестиция тартуды талап етеді, сонымен қатар инвестицияның өтелуін қамтамасыз ету үшін авиаотынның өзіндік құны жоғары болатынын ескерген жөн", – деп жазылған Үкімет басшысының жауабында.

Қазіргі таңда елімізде 3 ірі мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді. Олар Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында орналасқан. Бұл зауыттарды жаңғыртудан кейін авиаотын өндірісі жылына 300 мың тоннадан 633 мың тоннаға дейін артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу