Қазақстанда 1 қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады. Ресми дерек бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы мектепке барады екен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі. .
Үкіметтің мәліметінше, жаңа 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда 3,9 миллионнан астам оқушы мектепке барады. Оның ішінде 352 мың оқушы бірінші сыныпқа барады.
"1 қыркүйекте күрделі жөндеуден өткен 178 мектеп қайта ашылады. Жаңғыртылғаннан кейін тағы 1000-ға жуық ауылдық орта білім беру мекемесі есігін айқара ашады", – делінген хабарламада.
1,7 миллион оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 мың балаға артық. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 510 мыңнан астам оқушыға оқу құралдарын сатып алуға көмек көрсетілді.