Қазақстанда жаңа орден пайда болады

592

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҚР мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы Президент өкімінің жобасына өзгерістер әзірледі.  

Қазақстанда жаңа орден пайда болады Фото: inform.kz

Елімізде "Ел бірлігі" атты жаңа орден пайда болады, деп жазады inbusiness.kz.

"Достық" орденінің сипаттамасынан кейін осы өкімге қосымшаға сәйкес "Ел бірлігі" орденінің сипаттамасымен толықтырылсын", - делінген құжатта.

Өкім жобасы азаматтардың ұлт бірлігін нығайтуға сіңірген еңбегін тануға бағытталған және тиісті мемлекеттік награданы құру жөнінде шаралар қабылдауды, осы мемлекеттік награданың сипаттамасын көздейді.

"Ел бірлігі" ордені диаметрі 50 мм болатын екі қабатты сегіз бұрышты жұлдыз пішінінде жасалған.

"Орденнің беткі жағының ортасында "шаңырақ" орналасқан көгілдір түсті эмальмен толтырылған. "Шаңырақтан" шеңбер бойымен "уық" түріндегі күн сәулелері таралған. "Шаңырақтың" айналасында көгілдір түстің аясында "қошқар мүйіз" оюы орналасқан. "Шаңырақтың" астындағы лентада жартылай шеңберде "ЕЛ БІРЛІГІ" деген жазу орналасқан", - деп жазылған өкімге берілген қосымшада.

Құжатты жария талқылау мерзімі "Ашық НҚА" порталында 12 шілдеге дейін жалғаспақ.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ел бірлігі" атты жаңа мемлекеттік награданың Республика күнінде алғаш рет тапсырылатынын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу