Қазақстанда жаңа паспорт алғанда, ескісі қайтарылып алынады

243

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақстанда жаңа паспорт алғанда, ескісі қайтарылып алынады Фото: qmonitor.kz

Қазақстандықтар жаңа паспорт рәсімдеген кезде ескі құжаттарын тапсыруға міндетті болады. Бұл Ішкі істер министрлігі әзірлеген, паспорт рәсімдеу мен ауыстыру тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейтін жаңа бұйрық жобасында көрсетілген. 

Министрлік мәліметінше, жарамсыз паспорттарды қайта пайдалану жағдайлары тіркелген. Мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жаңа паспорт берілген сәтте ескісін дереу алып қою ұсынылады.

Алайда, азаматтарға ерекше себептермен паспортты уақытша пайдалануға рұқсат берілуі мүмкін. Ол үшін ерікті түрде өтініш жазып, себебін көрсету қажет.

Сондай-ақ ІІМ бұл өзгерістердің әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыдан теріс әсері жоқ екенін және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмейтінін атап өтті.

Жаңа тәртіп жобасы 2025 жылғы 26 мамырға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу