Қазақстанда жаңа радио өз жұмысын бастады

1218

Қазақ музыкасының жаңа толқынын қолдауға бағытталған радиода 90 пайызы қазақша орындалатын отандық әртістердің заманауи әндері шырқалатын болады.  

Қазақстанда жаңа радио өз жұмысын бастады Фото: pexels.com

Жаңа радио толқыны Республика күніне орай ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Станция ((beu)) Астанада – 100 FM және Алматыда 97.7 жиілікте хабар таратады. Радионың ерекше атауындағы ((beu)) - таңданудың эмоционалды белгісі. Жақшалар радио толқындарының таралуын білдіреді.

Атына заты сай, эфирде Q-поп, инди және R ' n ' B-ден бастап эксперименталды музыкаға дейін, яғни, әртістердің жаңа буыны жұмыс істейтін жанрлар көп болады.

Жобаның басты идеясы ((beu)) – жас музыкалық қоғамдастықты қолдау, дамыту және көрермендерге қазақстандық сахнаның өскенін көрсету. Радиодада берілетін әндер, подкасттар мен шоулардың 90 пайызы қазақ тілінде болады. Өйткені, соңғы жылдары мемлекеттік тілде жоғары сапалы танымал музыканы жасайтын музыканттардың саны көбейді. Ал олардың аудиториясы күн санап артып келеді.

Радио тұжырымдамасы Astana Media Week аясында таныстырылады. Ресми тұсаукесер Алматыда 3 қарашаға жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу