Қазақстанда жаңа саяси партия құрылғалы жатыр

460

Бастамашыл топ жаңа "Әділет" саяси партиясы құрылатыны туралы ресми мәлімдеме жасады.    

Қазақстанда жаңа саяси партия құрылғалы жатыр Фото: informburo.kz

Құрылтай сайлауы қарсаңында елімізде жаңа партия тіркеледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Партияның басты мақсаты – жаңа Конституция қағидаттарына сүйене отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және "Әділетті Қазақстан" құндылықтарын жүзеге асыру.

Жаңа ұйым өзін прогрессивті реформаларды қолдайтын, заң үстемдігін нығайтуды және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын арттыруды көздейтін саяси күш ретінде таныстырды.

Бастамашылардың айтуынша, партия бірнеше негізгі бағытқа басымдық береді.

Атап айтқанда:

  • барлық азаматқа тең мүмкіндік жасау;
  • құқық қорғау және сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту;
  • экономикалық әділдік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету.

Бастамашыл топ 16 сәуірде Әділет министрлігіне тіркеу рәсімін бастау туралы өтініш жолдамақ. Ал алдағы уақытта партияның құрылтай съезін өткізеді.

Жаңа партия құру туралы мәлімдемеге қол қойғандар қатарында Гүлзира Атабаева, Ренат Бектуров, Қарлығаш Жаманқұлова, Динара Зәкиева, Рауан Кенжеханұлы, Лаура Қарабасова, Андрей Лаврентьев, Нұрбек Матжани, Марат Шибутов, Ләззат Шыңғысбаева және басқалар бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу