Қазақстанда жаңа төсбелгілер пайда болды

637

Үкіметтің 2022 жылғы 11 қарашадағы қаулысымен Үкімет құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдарды ведомстволық наградалармен марапаттау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстанда жаңа төсбелгілер пайда болды Фото: egemen.kz

Атап айтқанда, үш жаңа төсбелгі қосылды:

"Үздік цифрландырушы"

Аталған төсбелгімен қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, міндеттерін адал орындаған, цифрландыру саласында 15 және одан да көп жыл еңбек еткен жұмыскерлер марапатталады. Сондай-ақ айрықша жағдайларда цифрландыру саласына айрықша еңбек сіңірген басқа сала өкілдері де марапатталады.

"Ахмет Байтұрсынұлы"

Бұл төсбелгімен гуманитарлық саланың өкілдері, қазақ тілінің мәртебесін көтеруде шығармашылық белсенділік танытқан тұлғалар, қазақ тілін оқыту бойынша IT жобалардың жетекшілері, сондай-ақ гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқан шетел азаматтары марапатталады.

"Еңбек сіңірген саудагер"

Үшінші жаңа төсбелгімен 10 жыл жұмыс өтілі бар сауда саласындағы қызметкерлер және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген азаматтар, сондай-ақ сауданы дамытуға елеулі үлес қосқан өзге де тұлғалар марапатталады.

Қаулы 2022 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу