Қазақстанда жаңа ұлттық холдинг құрылды

748

Оның мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі.

Қазақстанда жаңа ұлттық холдинг құрылды

Елімізде жаңа QazBioPharm ұлттық холдингі құрылды. Үкіметтің тиісті қаулысы интернетте жарияланды, деп жазды Inbusiness.kz.

"QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы жарғылық капиталға мемлекеттің 100% қатысуымен құрылады.

Холдинг қызметінің негізгі нысанасы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарықтың инфрақұрылымын орнықты дамыту және жетілдіру, биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның биофармацевтикалық өнімге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жарғылық капиталдарына мемлекеттік қатысу үлестері холдингтің иелік етуі мен пайдалануына берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару.

Холдингтің мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі.

QazBioPharm жарғылық капиталы "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін беру арқылы қалыптасады. Денсаулық сақтау министрлігі тиісті саланы басқару жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу