Қазақстанда жаңа жылдық мерекелерде теміржолмен жарты миллионнан астам жолаушы тасымалданды

935

Қазақстанда жаңа жылдық мерекелерде теміржолмен жарты миллионнан астам жолаушы тасымалданды

Биылғы жылдың қаңтарынан бастап ауа райының күрт нашарлауына, яғни көктайғақ, бұрқасын желге байланысты бірнеше жолдарда қозғалыс тоқтап қалды. Астана-Көкшетау, Астана-Қарағанды жолдары жабылды. Қар тұтқынында жүздеген адам қалды.

Ауа райы күрт құбылған жағдайда адамдарды жеткізуді пойыздар қамтамасыз етті. Электр пойызына деген сұраныс өсті. Жолаушылардың арасында балалар, әйелдер, сонымен қатар қарт адамдардың саны аз болмады, деп атап өтті "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Еселеп жауған қар мен қатты желге қарамастан, теміржол қызметі бірқалыпты жұмыс істеді. Биылғы жылдың 4 қаңтарында "Көкшетау-Ерейментау" электропойызымен 300-ден астам, оның 82 -Көкшетау, 91 - Бурабай, 52 – Макинка, 24 – Ақкөл, 61 – басқа да станциялардан жеткізілді. Қарағанды-Астана бағытымен 100 деген адам жеткізілді.

 Мереке қарсаңында және мереке күндері жарты миллионнан астам адам, оның 100 мыңы Астанадан тасымалданды.

Пойыздардың толассыз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қосымша 6 пойыз қосылып, 500-ден астам қосымша вагондар тіркелді. Қазіргі уақытта тек қана солтүстік аймақта 1 тәулікте 70-80 қосымша вагон пойыздарға тіркеліп жатыр.  

 2016 жыл ішінде теміржол көлігімен 20 млн жолаушы тасымалданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу