Кеңеске қатысушылар жанар-жағармай материалдары нарығындағы қазіргі ахуалды және қолданыстағы реттеу механизмдерінің тиімділігін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жиында шекарада дизель отыны мен бензинді басқа мұнай өнімдерінің түрлері ретінде (мазут, пеш отыны, еріткіштер және т.б.) заңсыз шығару әрекеттері орын алып жатқаны айтылды.
Премьер-Министр Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әсіресе көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу кезеңінде отынды елден заңсыз шығару фактілеріне бақылауды күшейту және ондай жағдайлардың жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.