Қазақстанда жанармай экспортына тыйым салу мерзімі ұзартылады

133

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында 2024 жылғы 19 тамызға дейін орналастырылған. 

Қазақстанда жанармай экспортына тыйым салу мерзімі ұзартылады Фото: inbusiness.kz

Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрықтың жобасын дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген жобада.

Мына түрдегі мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салынбайды:

автокөлік өндірушісі ұсынған газ цистерналарында шығару;

өнеркәсіптік өндіріске енгізу мақсатында тәжірибелік партиядан алынған үлгілердің қоспаларын іріктеуге, біліктілік және зертханалық сынақтар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған авиациялық отын;

ҚР Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде экспортталатын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу