Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деа жазады inbusiness.kz сайты.
"eGov порталы да өзінің технологиялық мүмкіндігінің шегінде жұмыс істеп келді. Осыған байланысты жақында QazTech платформасында әзірленген заманауи eGov 3.0 порталы іске қосылды. Қызметтер барынша оңай, пайдаланушы үшін ыңғайлы форматта жинақталды. Талаптар мен қадамдар саны азайды. Сұранысқа ие қызметтердің бір бөлігі жаңа форматта қолжетімді", – деді Жаслан Мәдиев.
Сонымен бірге билік өкілдері eGov GPT ЖИ-ассистентін одан әрі дамытуды жалғастырып жатыр.
Қазір оның көмегімен 50 мемлекеттік қызмет қолжетімді, бұл азамат өтініштерінің шамамен 30%-ын құрайды. 2026 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 70%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Пайдаланушы өз жағдайын қарапайым сөздермен сипаттай алады, содан кейін eGov GPT қажетті қызметті анықтайды, өтінішті дайындауға көмектеседі және нәтиже алғанға дейін сүйемелдеп отырады.
Министрліктің мәліметінше, ЖИ-ассистенттің мүмкіндіктерін 150 мыңнан астам рет пайдаланған. Алдағы уақытта мемлекеттік ақпараттық жүйелерді де QazTech платформасына көшіру жоспарланып отыр.