Қазақстанда жануарларды қорғауға қатысты жедел желі іске қосылды

670

Жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша "жедел желі" іске қосылды.  

Қазақстанда жануарларды қорғауға қатысты жедел желі іске қосылды Фото: pexels.com

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қазір республикада жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты жедел желі жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жануарларға қатегездік танытқан фактілер анықталған жағдайда +7 (777) 195 99 00 (WhatsApp) нөміріне хабарлауды сұраймыз", - делінген министрлік хабарламасында.

2022 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

Заң мынадай принциптерге негізделеді:

  • ауру мен физикалық азапты бастан кешіруге қабілетті тіршілік иелері ретінде жануарларға қатынасы;
  • иесінің жануардың өмірі, денсаулығы және амандығы үшін жеке жауапкершілігі;
  • жануарларды қатыгездіктен қорғау;
  • халықты жануарларға адамгершілікпен және мейіріммен қарауға тәрбиелеу.

Заң жануарға қатыгездікті жануардың өліміне, жарақаттануына немесе денсаулығына өзге де зиян келтіруге әкеп соқтырған немесе соқтыруы мүмкін қасақана әрекеті деп түсіндірді.

Сонымен қатар құжатта халықты жануарларға жауапкершілікпен қарау, жануарларға қатыгездікті насихаттауға тыйым салу тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеу қарастырылған.

Жануарларға қатыгездік жасағаны және соған шақырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік күшейтілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабына сәйкес жануарға зиян келтірген қатыгездік үшін 120 АЕК (367 560 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 30 күнге дейін қамауға алу көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу