Қазақстанда жарнаманы БАҚ арқылы берушілер азайып кетті

787

БАҚ арқылы жарнама беру көлемі азайғанымен, елде жалпы жарнама мен маркетинг қызметіне сұраныс арта бастаған. Сектордағы қызмет көлемі бір жылда 64% өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Қазақстанда жарнаманы БАҚ арқылы берушілер азайып кетті

2021 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында жарнама мен нарық конъюнктурасын зерттеу саласында 72,1 млрд теңгенің қызметі көрсетілді. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 70,2% көп. Инфляцияны есептегенде өсім бір жылда 63,9% құрап отыр.
Аймақтарды бөле зерттегенде қызметтің көбі Алматыда көрсетілген. Оңтүстік астанада бұл қызмет үшін 59,1 млрд теңге төленді. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 78,1% көп. Қазақстан нарығында осылайша Алматының нарығы 78,4%-дан 82% көбейген. Көрсетілген қызмет жағынан екінші орында Нұр-Сұлтан (7,6 млрд тг) мен Шымкент (942 млн тг) қаласы тұр.

Секторда ең аз қызмет Түркістан облысына (62,1 млн тг) тиесілі.

"Қызметтердің басым көпшілігін жарнама агенттіктері (94,2%) көрсетіп отыр (құн көрсеткіші бойынша 67,9 млрд тг). Бұл сома – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп. Бұл реттте бұқаралық ақпарат құарлдары арқылы жарнама жариялау қызметі 47%, яғни 1,1 млрд теңгеге дейін азайғанын атап өту керек", - дейді зерттеушілер.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу