Қазақстанда жарты жыл ішінде тұрмыстық 461 қылмыстық құқықбұзушылық жасалды

429

Осы жылдың қаңтар-маусым айларында елімізде отбасылық-тұрмыстық салада 461 қылмыстық құқық бұзушылық жасалды — бір жыл бұрынғыға қарағанда 1 жағдайға (немесе 0,2% - ға) артық.

Қазақстанда жарты жыл ішінде тұрмыстық 461 қылмыстық құқықбұзушылық жасалды Фото: Gracers

Алайда өзгеріс қарқынын 3 жыл ішінде қарастырар болсақ, мұндай құқық бұзушылықтар санының 8,2%-ға қысқарғанын байқаймыз, деп жазады Inbusiness.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша қарар болсақ, отбасылық-тұрмыстық саладағы ең көп қылмыстық құқық бұзушылықтар Павлодар облысында тіркелді: 45 жағдай — бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,2%-ға аз.

Көшбасшылыққа таласа екінші орында Қостанай облысы тұр: 42 жағдай, бір жылдағы өсім — 5%. Одан кейін Алматы облысы — 39 жағдай, бір жыл бұрынғы 56 жағдай тіркелді, яғни көрсеткіш 30,4%-ға кеміген. Отбасылық-тұрмыстық салада қылмыстық құқық бұзушылықтар саны ең көп бес өңір тізімін Қарағанды облысы мен Астана аяқтайды: тиісінше 37 және 33 жағдай.

Тұрмыстық құқықбұзушылықтардың ең аз саны Маңғыстау (10 жағдай), Атырау және Ақтөбе облыстарында (әр өңірде 11 жағдайдан) тіркелді.

Отбасы-тұрмыстық саладағы барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың үштен бірінен астамы немесе 37,1%-ы жарты жылдың қорытындысы бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен сипатталады: 171 жағдай — бір жыл бұрынғыға қарағанда 12,3%-ға аз.

Отбасылық-тұрмыстық салада жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың арасында кісі өлтіру (51 жағдай) және денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (9 жағдай) болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу