Қазақстанда жарты жылда 10 мыңға жуық автокөлік шығарылды

805

Қазақстанда жарты жылда 10 мыңға жуық автокөлік шығарылды

"КазАвтоПром" Қазақстанның автомобиль саласындағы кәсіпорындар одағы республиканың автокөлік жасаушыларының 2017 жылдың қаңтар-шілде айларындағы жұмыс қорытындылары туралы хабарлайды.

Есеп беру кезеңінің қорытындылары бойынша Қазақстан аумағында жалпы құны 78,5 млрд теңгеге автокөлік құралдарының 9918 бірлігі (жүк көлігі мен автобус техникасын қоса алғанда) шығарылды. Заттай мәнде шығарылым көлемі былтырғы көрсеткіштен 3,3 есеге артық. Жеңіл автокөліктер өндірісінің көлемі 8680 бірлікке жетіп, 4,7 есеге артты.

2017 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындылары бойынша автобус техникасының шығарылымы (396 бірл.) бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5 есеге артық. Жүк автокөліктерінің өндірісі (602 бірл.) 30,4%-ға қысқарды.

2017 жылдың шілде айының қорытындылары бойынша автокөлік шығарылымы 1150 бірлікті құрады (2016 жылдың осы кезеңіне қатысты 2,1 есеге өсті).

Отандық автозауыттар сатылымы жылдың басынан бастап 9 450 бірлікке жетті, бұл былтырғы мәннен 59%-ға жоғары. Қазақстандық автокөлік өнеркәсібінің нарықтық үлесі өткен жылдың осы кезеңіндегі 22,9%-бен салыстырғанда 37,2%-ға артты.

Есеп беру кезеңінің қорытындылары бойынша Қытайға, Ресейге, Беларуссияға, Тәжікстанға экспортқа 949 автокөлік жөнелтілді (10% салалық сатылым). Шетелдік сатылымдардың негізгі бөлігі (85%) ҚХР нарығына "Азия авто" зауыты жеткізіп отырған Lada көлігінің үлесіне тиесілі. Жеті айдың қорытындылары бойынша жалпы жөнелтім көлемі 804 бірлікке жетті. Сондай-ақ, есеп беру кезеңінде шетелге Hyundai жүк коммерциялық техникасы, 66 JAC жеңіл автокөлігі және 4 SsangYong автокөліктері жөнелтілді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде кезеңінде 812 автокөлікті жеңілдетілген автонесиелендірудің мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары сатып алды. Жергілікті құрастырылған жеңіл автокөліктер сатылымының 8,6%-ы солардың үлесіне келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу