Қазақстанда жарты жылда 8 мыңға жуық көп жарақатты пациентке көмек көрсетілді

192

Ауыр жарақат алған науқастарды емдеуге бірнеше бейіндегі мамандар жұмылдырылады.  

Қазақстанда жарты жылда 8 мыңға жуық көп жарақатты пациентке көмек көрсетілді Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram

Қазақстанда көп жарақат және ауыр қосарлас жарақат алған пациенттерге медициналық көмек көрсету жүйесі жетілдіріліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2025 жылы елімізде көп жарақат алған 16 833 пациентке медициналық көмек көрсетілген. Ал 2026 жылдың алғашқы алты айында бұл көрсеткіш 7 802 адамды құрады.

Ауыр жарақат алған пациенттерге көмек олардың жағдайына қарай ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда олар тиісті мамандары, диагностикалық және хирургиялық жабдықтары бар медициналық ұйымдарға жіберіледі.

Мұндай науқастарды емдеуге травматолог-ортопедтер, хирургтар, анестезиолог-реаниматологтар, нейрохирургтар және басқа да мамандар тартылады. Бірнеше бейіндегі дәрігерлердің бірлескен жұмысы емдеу тәсілін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.

Мәселен, академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында 2025 жылы ауыр қосарлас жарақат алған 188 пациент ем қабылдаған.

Қазір травматологиялық қызметті дамыту аясында мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру, пациенттерді медициналық ұйымдарға бағыттау жүйесін жетілдіру, заманауи диагностика мен емдеу әдістерін енгізу және медицина мамандарының біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мамандардың айтуынша, ауыр жарақат кезінде уақыттың маңызы зор. Сондықтан негізгі міндет – пациенттің қай жерде болғанына қарамастан, медициналық көмекті дер кезінде қамтамасыз ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу