Қазақстанда жасалған көліктердің ең танымал маркасы аталды

3031

Он айда елімізде 269,2 млрд теңгеге 39 мың автомобиль жасалған. 

Қазақстанда жасалған көліктердің ең танымал маркасы аталды

"ҚазАвтоПром" Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындары одағы 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша республиканың автомобиль өндірушілері жұмысының нәтижесін жариялады.

Есептік кезең қорытындысы бойынша Қазақстанда жеңіл автомобильдер, жүк көліктері, автобустар, арнайы техника және тіркемелерді санағанда, жалпы құны 269,2 млрд теңге тұратын 38 953 бірлік автокөлік шығарылды. Өнім көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 50,4%-ға асып түсті.

Автокөлік жасау – 50,4%, Қазақстанда құрастырылған автомобилдерді сату 43,9% өскен. Отандық автомобилдер үлесі ішкі нарықта 47,6%-ден 57,7%-ға артқан. Қазақстандықтардың жергілікті автомобильдерге жұмсаған шығыны 238,1 млрд теңгені құрады (+71,5%). 

Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындары одағының рейтингі бойынша, елімізде жасалған TOП-5 брендке Lada (12 013 бірлік), Hyundai (11 384 бірлік), KIA (2 672 бірлік), Ravon (2 029 бірлік) және Skoda (857 бірлік) маркасы енді. 

Ал TOP-5 моделге Lada Granta, Hyundai Tucson, Lada Vesta, Lada 4x4, Hyundai Accent жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу