Қазақстанда жасалған көліктерге сұраныс жоғары

2110

2010 жылы Қазақстан небәрі 4 мың бірлік машина шығарса, қазір 32 мың бірлікке жеткен.

Қазақстанда жасалған көліктерге сұраныс жоғары

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан "Қазақстан машина жасаушыларының VII форумы өтті. Форумда машина құрастырудағы жетістіктер айтылды. 

2018 жылдағы өндіріс рекордтық көрсеткішіке жетіп, 1 трлн теңгені құраған. Биылғы жартыжылдықта да өсім сақталып тұр.

Жалпы соңғы 10 жылда өндіріс 8 есеге артып, 19,2%-ды көрсетіпті. Мәселен, 2010 жылы Қазақстан небәрі 4 мың бірлік машина шығарса, қазір бұл сан 32 мың бірлікке жеткен.

Қарқынды жұмыс сондай-ақ электрокар жасау жүйесінде де сақталуда.

Индустрияландыру бағдарламасы аясында саласында 114 жоба іске асыпты. Бүгінде елімізде 167 атомобиль маркасы шығарылады. Оның 39-ы жеңіл көлік болса, 22-і әлемдік брендтер. Үкімет те қосымша құн салығы бойынша жеңілдік жасап, несие, лизинг, экспорттық қолдау шараларын ұсынып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу