Қазақстанда жасалған QazCovid-in вакцинасы сәуір айынан бастап салынады

1039

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпаннан Қазақстанда "Спутник V" екпесімен еркіті түрде вакцинациялау науқаны басталады.   

Қазақстанда жасалған QazCovid-in вакцинасы сәуір айынан бастап салынады

Бұған дейін жасалған келісім негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясын жеткізді, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Жалпы, ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112
мың дозасын, наурызда - 150 мың, сәуірден маусымға дейін ай сайын 600
мың дозаны жеткізетін болады.

Сондай-ақ, сәуір айынан бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық
вакцинасы салынады деп жоспарлануда, ай сайын оның көлемі 500 мың
дозаға көбейеді.

Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары - медицина қызметкерлері,
полицейлер, әскери қызметкерлер және т. б. вакцинацияланады.
Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар
жіберіледі.

Вакцинация алдында дәрігер пациентті міндетті түрде тексереді.

Ел бойынша егу пункттерінің дайындығы тексерілді, профилактикалық егу
жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді, 2
мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу