Қазақстанда жасанды интеллект 500 мектепте қолданыла бастайды

363

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кай-Фу сарапшы ретінде Қазақстанның жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияны дамыту бағытындағы ұстанымдарын қалыптастыруға зор үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстанда жасанды интеллект 500 мектепте қолданыла бастайды Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Үкімет Ли Кай-Фудың ұсынымдарына және озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жобасын іске асыруға кіріскенін айтты.  

Ли Кай-Фу шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу жобаларының негізгі параметрлері жөнінде мәлімдеді. Пилоттық жоба бірінші кезеңде биыл қыркүйектен бастап, 10 мектепте жүзеге асырылады.

2027 жылдың қаңтарынан бастап оны 60 мектепке, ал сәуірде 500 мектепке енгізу жоспарланып отыр.   Президент жобаны іске асыруда оның ауқымын кеңейту және білім сапасын арттыратын нақты нәтижеге қол жеткізу маңызды екеніне тоқталды.  

Жасанды интеллектінің игілігін қаланың да, ауылдың да тұрғындары теңдей көруі қажет екеніне баса мән берілді. Бұл ретте Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні кәсіпкерлікті дамытудың бір тетігі ретінде пайдалану перспективасына назар аударды.

Кездесуде Мемлекет басшысына жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы бірқатар бастама таныстырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу