Жасанды интеллект иелеріне әкімшілік жауапкершілік енгізіледі

119

Мәжіліс ЖИ саласын реттейтін заң жобаларын қарастыруда. 

Жасанды интеллект иелеріне әкімшілік жауапкершілік енгізіледі Фото: culturavision.com

ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Қазақстанда жасанды интеллект (ЖИ) иелеріне әкімшілік жауапкершілік енгізілетінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оның айтуынша, депутаттар ЖИ технологияларын құқықтық реттеуге бағытталған үш заң жобасын әзірледі. Олар – "Жасанды интеллект туралы" заң жобасы, оған ілеспе түзетулер және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске толықтырулар енгізу.

– Бұл заң жобалары жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған. Онда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар үшін ЖИ технологияларын пайдалану тәртібі, сондай-ақ, ашықтық пен қауіпсіздік мәселелері қарастырылған, — деді Нұртай Сабильянов.

Заң жобалары ЖИ өнімдерін пайдаланушылардың құқықтарын қорғауды, жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және ЖИ жүйелері арқылы жасалған ақпараттық өнімдерді тарату талаптарын реттеуді көздейді.

Сондай-ақ, құжаттарда ЖИ технологияларын әзірлеушілер мен иелерінің әкімшілік жауапкершілігі қарастырылған.

Айта кетейік, 2025 жылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектті дамыту мен оны мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда енгізу процесін жеделдетуді тапсырған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу