Қазақстанда жасанды интеллект инсульт пен обырды ерте анықтауға көмектеседі

315

Қазақстанда денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект дәрігерді алмастыратын құрал ретінде емес, медициналық шешім қабылдауды қолдайтын тиімді көмекші ретінде қарастырылып отыр.

Қазақстанда жасанды интеллект инсульт пен обырды ерте анықтауға көмектеседі   Фото: allsee.team

Сарапшылардың мәліметінше, бүгінде қолдану бағыттары, жетілу деңгейі және клиникалық маңыздылығы бойынша жіктелген 50-ден астам MedTech шешімі талданған, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты. 

Жобалардың басым бөлігі диагностиканы жетілдіруге, оңалту үдерісін жақсартуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және медициналық деректерді өңдеуге бағытталған.

– Атап айтқанда, инсультті, өкпе мен сүт безі обырын ерте диагностикалау, сондай-ақ стоматологиялық бейнелерді талдау саласындағы басым жасанды интеллект жобаларының тізбесі қалыптастырылды. Бұл шешімдер қазірдің өзінде еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі медициналық ұйымдарда енгізіліп, ауқымы кеңейтіліп жатыр, – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында.

Сонымен қатар медициналық қызметтердің сапасын талдау және басқару, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау, сондай-ақ созылмалы жүрек жеткіліксіздігін ерте анықтау үшін жасанды интеллект құралдарын кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу