Қазақстанда жасанды ұрықтандыру арқылы 10 мыңнан аса бала дүниеге келді

1142

Қазақстанда жасанды ұрықтандыру арқылы 10 мыңнан аса бала дүниеге келді

Қазақстанда ЭКҰ бағдарламасы жүргізілген жылдары 10 мыңнан астам бала дүниеге келді, деп хабарлайды ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева "Бедеулікті емдеудің заманауи әдістері. ҚРТ: Бүгіні мен болашағы" атты IX халықаралық конгресінде хабарлады.
"Қазақстан белгілі бір санаттағы пациенттерге республикалық бюджет қаражаты есебінен бедеуліктен ЭКҰ бағдарламаларын өткізу бойынша посткеңестік кеңістіктегі алғашқы мемлекеттердің бірі болып шешім қабылдаған. Үкіметтің мұндай шешімі бұл қымбат емдеу болғандықтан бұрын төлеуге мүмкіндігі болмаған көптеген ерлі-зайыптыға үміт берді" – деді Лязат Ақтаева.
Сондай-ақ, Лязат Ақтаева сәбисіз неке проблемасына кейінгі жылдары біздің елімізде және бүкіл әлемде көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. ДДСҰ мәліметтері бойынша, олардың жиілігі тұрақты емес және барлық елдерде төмендеу тенденциясы байқалмайды. 20 жыл бұрын Қазақстан Республикасында алғаш рет қосымша репродуктивтік технология әдістері, оның ішінде экстракорпоральдық ұрықтандыру (ЭКҰ) енгізілген болатын және ЭКҰ-дың арқасында 1996 жылы Қазақстанда бірінші бала өмірге келді.
2010 жылдан бастап экстракорпоральды ұрықтандыру тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілді және оның көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2010 жылы жылына 100 циклге (жасанды ұрықтандыру) мемлекет қаржы бөлетін болса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 900 циклге жетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу