Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі төмендеді

202

15 мыңға жуық профилактикалық рейд өтті.

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі төмендеді Фото: kazislam.kz

Жыл басынан 3,5 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала профилактикалық есепке қойылды. Бұл туралы Бас прокуратура таратқан ақпараттан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жыл басынан бері елде "Заң мен Тәртіп" акциясы шеңберінде мемлекеттік органдар жаңа профилактикалық форматтар мен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шамамен 2,5 мыңнан астам іс-шара мен әлеуметтік бастама өткізілді.

"Бас прокуратура Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерімен бірлесіп бастаған "Саналы ұрпақ"жобасы аясында тәуекел тобындағы кәмелетке толмағандарды уақтылы анықтауға және олармен атаулы жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін цифрлық профилактикалық карта қалыптастырылуда. Жыл басынан бері 15 мыңға жуық профилактикалық рейд өткізіліп, 3,5 мыңнан астам кәмелетке толмаған профилактикалық есепке қойылды. Нәтижесінде елдегі жасөспірімдер қылмысы шамамен 78%-ға төмендеді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу