Қазақстанда жастарға жаңа әлеуметтік көмек берілетіні рас па?

356

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді.

Қазақстанда жастарға жаңа әлеуметтік көмек берілетіні рас па? Фото: inbusiness.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) қазақстандықтарға "Жастар" бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмектің жаңа түрі туралы хабарламаға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еңбек министрлігінің хабарлауынша, "Мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде "Жастар" бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек тағайындауға бөлінген қаражат туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді".

"Мессенджерлерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан "Жастар" бағдарламасы бойынша 35 жасқа дейінгі азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау туралы жалған ақпарат таратылуда. Белгісіз адамдар тағайындалған қаражатты аудару үшін телефон нөмірге қоңырау шалуды немесе сілтемені басуды ұсынады", – делінген 2023 жылдың 27 қарашасындағы хабарламада.

Еңбекминінің қызмет бағыты бойынша аталған бағдарлама да, әлеуметтік көмектің мұндай түрі де жоқ екенін хабарлаймыз.

"Тиісінше, хабарламада көрсетілген нөмір немесе сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге және көрсетілген нөмірге қоңырау шалмауға кеңес береміз", деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу