Қазақстанда жатыр мойны обырынан күніне 2 әйел көз жұмады

160

Биыл Маңғыстау облысында жатыр мойны обырынан 10 әйел қайтыс болған.

Қазақстанда жатыр мойны обырынан күніне 2 әйел көз жұмады Фото: freepik

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанның көрсеткіші өте жоғары. Біз жылына 600 әйелді жоғалтамыз. Күніне екі әйел осы қауіпті аурудан, адам папиллома вирусынан қайтыс болады. Ал вакцинация арқылы, біз де сол өркениетті елдер сияқты аурудың алдын алуға ата-аналарды, барлық осы біздің ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерді осыған шақырамыз", - дейді басқарма өкілі.

Осыған орай, мамандар білім саласының, дін істері мен жастар саясаты басқармаларының өкілдеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мамандардың айтуынша, қатерлі дертпен күресудің бірден бір жолы – екпе салдыру. Адам попиллома вирусына қарсы вакцина 11 жастағы қыздарға салынады.

Дәрігерлер вакцинаның адам ағзасына зияны жоғын айтады. Екпе егу жұмыстары 30 қыркүйектен бастап, ата-аналардың келісімімен жүргізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу