Қазақстанда жазаға кесілген 6 мың адамға электронды білезік тағылады

1019

Қазақстанда жазаға кесілген 6 мың адамға электронды білезік тағылады

Қазақстанда жазаға кесілген 6 мың адамға электронды білезік тағылады. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Пробациялық бақылауда тұрғандарға қатысты электронды мониторингті енгізу мен пайдалану шаралары ескерілген. Бұл тұрғыда "электронды білезіктерді" енгізу қарастырылған. Осы құрылғының көмегімен бақылауда жыл сайын 6 мың адам болады", - деді министр бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру тақырыбындағы үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, жазаға тартылған адамдардың бекітілген режімді бұзуға бағытталған кез келген талпынысы жедел түрде қызметкерлер тарапынан айқындалатын болады. "Министрлік даярлаған жоба қазіргі кезде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр. Алдағы жылдан бастап мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жобаны жүзеге асыруға кіріспекпіз", - деді Қасымов.

Бұдан бұрын министр бас бостандығынан айыру қылмыскерлердің көпшілігін түзетпейтінін айтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу