Қазақстанда жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі өзгерді

1671

Қазақстанда жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі өзгерді

Елімізде жеке кәсіпкерлікті рәсімдеу ережесі өзгерді.

2017 жылдың қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлікті тіркеу үшін өтініш беру шарт емес, ескерту жасаса болғаны, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.

Демек, енді азаматтар жеке кәсіпкерлік ашу үшін салық органына өтініш берудің орнына бар болғаны кәсіпкерлікпен айналысатыны туралы ескерте салады. Осылайша  азаматтар кәсіпкерлікпен айналысатыны туралы ескерту жіберген сәттен бастап кәсіпкер ретінде санала береді.

Егер жеке кәсіпкерлікті бірнеше адам бірігіп ашса, онда құзіретті адам барлық мүшелер атынан сенімхат тапсыруға тиіс.

Ескертуді екі жолмен жіберуге болады: электронды  ҚР электронды лицензиялау порталы арқылы немесе мемлекеттік кіріс мекемелеріне құжатты қағаз күйінде алып баруға болады. Екі жағдайда да жеке кәсіпкерлікті тіркеу уақыты бір күн.

Ескерту жіберілгеннен кейін азаматқа кәсіпкер болғаны туралы ешқандай да құжат берілмейді және алым алынбайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу