Қазақстанда жекешелендіруге арналған сайт іске қосылады

259

Біздің мақсат – жекешелендіру процедурасын толық ашық өткізу.

Қазақстанда жекешелендіруге арналған сайт іске қосылады Фото: mail.kz

Елімізде жекеге берілетін объектілердің тізімі жасақталып, көпшілікке жария етіледі. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Елордада Жекешелендіру ұлттық кеңсесінің алғашқы отырысы өтті. Оған Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік және квазимемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

"Бүгінгі жиында жекешелендірудің методологиясы, тәсілдері мен механизмдерін қарастырдық. Сонымен қатар, жұмыс жоспары мен кестесін бекіттік. Жекешелендіруге жататын объектілерге талдау жасап, олардың тізімін жасақтаймыз. Біздің мақсат – жекешелендіру процедурасын толық ашық өткізу, ол үшін арнайы сайт іске қосылады. Жекешелендіруге бірінші кезекте бәсекеге қабілетті объектілер қаралады, оның ішінде әлеуметтік нысандар да бар. Тағы бір маңызды жайт, объекті сатылғаннан кейін өз бейіні бойынша жұмыс істеуі", - деді Марат Омаров отырыс барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Агенттік басшысының айтуынша, жекешелендірілген объектілерге міндетті түрде ревизия жүргізіледі.

"Жекешелендірілетін объектілердің алдын ала тізімі бар, оны шілдеде нақты жасақтаймыз. Тізім үлкен, әлеуметтік нысандарды қоспағанда 500-ден астам объекті бар. Жекешелендіруге жататын объектілердің тізімі жарияланады және біз оны кеңінен насихаттап, жарнамалаймыз. Жекешелендіру саясатын жүргізудегі мақсат – алдымен мемлекеттік бюджетке салмақты азайту, активтерді тиімді пайдалану және басқару. Сондай-ақ, кәсіпкерлікдің еркін дамуына мүмкіндік жасау", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу