Ауыл шаруашылығы министрлігі басқа елдерге жемшөп шығаруға тыйым салу туралы бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы eldala.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін бұйрықтың жобасы әзірленді. Оған сәйкес елімізден басқа елдерге жемшөп шығаруға 6 айға тыйым салынады. Құжатты "Ашық НҚА" сайтынан толық оқуға болады.
Жобаны талқылау 6 тамызға дейін жалғасады.
"Бұйрықтағы қосымшаға сәйкес Қазақстан аумағынан жекелеген тауарларды әкетуге 6 айға тыйым салынады", - деп жазылған құжатта.
Құжатқа сәйкес елімізде шөп, пішендеме, сүрлем, сұлы мен қара бидайды басқа елдерге шығаруға тыйым салынуы мүмкін. Шектеу бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.