2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 136 548 жеңіл автокөлік шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38%-ға көп.
Қыркүйек айында елімізде 19 377 жеңіл автокөлік өндірілді. Көрсеткіш 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 66,4%-ға, ал биылғы тамыз айымен салыстырғанда 35,5%-ға артты.
Қазақстанда автокөлік өндіретін 12 кәсіпорын жұмыс істейді. Жеңіл автокөлік өндірісінің негізгі бөлігі Алматы қаласы мен Қостанай облысына тиесілі. Олардың үлесі тиісінше 50,5% және 49,5% болды.
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында "Автокөліктер, тіркемелер және жартылай тіркемелер" санатындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі ақшалай мәнде 1,67 трлн теңгеге жетті. Өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 129,9% болды.
Қыркүйекте аталған санат бойынша өндірілген өнімнің құны 198,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2026 жылғы тамыздағы көрсеткіштен 25,7%-ға, ал 2025 жылғы қыркүйектегі көлемнен 10,5%-ға жоғары.