Қазақстанда жеңіл көлік импорты ұлғайды

549

Тек қыркүйек айында ғана елімізге 6,1 мың көлік әкелінген. Ішкі өндіріс көлемі де артқан. 

Қазақстанда жеңіл көлік импорты ұлғайды Фото: inbusiness.kz

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтері негізінде Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша, елімізде қыркүйек айында жеңіл автокөлік импорты күрт ұлғайған, деп жазады inbusiness.kz.

Тек қыркүйек айында ғана (сұр импортты қоспағанда) 6 163 дана автокөлік әкелінген, импорттың сомасы да рекордты көрсеткішке жетті: 186,4 млн доллар. Бюроның дерегінше бұл 2021 жылдың қазан айынан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш және биылғы қаңтар-тамыз айларындағы орташа көрсеткіштен  (4 518 дана) 36%-ға жоғары.

2020 жылы импорттың орташа көлемі айына 59,3 млн доллар, 2021 жылы 110,5 млн доллар, 2022 жылғы қаңтар-тамызда 109,2 млн долларды құраған.

Жеңіл автокөлік негізінен Азия елдерінен әкелінеді, Таиландтан  тамыз айында 5,7 млн долларға 303, қыркүйек айында 12,4 млн долларға  641 дана әкелінген. Корей елінен тамызда 549 (7,5 млн доллар), қыркүйекте 717 (11,8 млн долларға) дана жеткізілген. Қытайдан тамызда 986 (13,4 млн доллар), қыркүйекте  (18 млн долларға) 1 285 дана тасымалданған. Жеңіл көліктің басым көпшілігі Жапониядан әкелінеді, тамызда  (65,9 млн долларға) 1 476, қыркүйекте (66,9 млн долларға) 1 763 дана жеткізілген.

Дегенмен, қыркүйек айында отандық көлік өндірісі де өсім көрсеткен, тамыз айына қарағанда 436 көлік артық шығарылып, көрсеткіш 8 875 данаға жеткен. Бұл 2022 жылғы ең жоғары нәтиже.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу