Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы қайта жанданды

1596

Бүгіннен бастап жеңілдетілген автонесие беру қайта жалғасады. Бұл жолы өтініштер тек онлайн режимде қабылданады.  

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы қайта жанданды Фото: egemen.kz

Өтініш қабылдайтын арнайы портал сынақтан өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жыл басынан бері елімізде 98 мыңға жуық жаңа жеңіл көлік сатылған. Өндірісті дамыту қоры төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров жаңашылдық жүздеген азаматтың жеңіл несиемен қамтылуына мүмкіндік беретінін алға тартты. Оның айтуынша, бағдарлама негізінде қарыз бұған дейінгі қарыздың қайтарылуы есебінен берілмек.

"Түскен ақша игерілгеннен кейін несиелеу қайтадан кідіреді. 2047 жылға дейін револьверлік қаражат көлемі 14,3 млрд теңгеден асады", - дейді Ринат Ғаппаров.

Осылайша, 30 жыл ішінде халыққа 4 пайыздық мөлшерлемемен 60 мың жаңа көлік алуға мүмкіндік туады. Бағдарлама бойынша тек отандық көліктерді сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу