Қазақстанда жер комиссиясының жұмысы тоқтайды

403

Жер учаскесіне құқық беру процестері электронды форматқа көшкен соң өңірлердегі жер комиссиялары таратылады.  

Қазақстанда жер комиссиясының жұмысы тоқтайды Фото: Айтжан Мурзанов

Бүгін Сенат отырысында тиісті заң жобасы мақұлданды, хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Енді Астана, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық беру "электронды үкімет" порталы арқылы ғана жүзеге асады. Ол үшін қала құрылысы сынды деректерді көрсететін қоғамдық кадастрлық карта әзірленеді.

Заң жобасының қорытындысына сәйкес, аталған аумақтарда жер учаскесіне құқық беру процестерін автоматтандыруға байланысты жер комиссиясының, сондай-ақ уәкілетті органдардың жер-кадастрлық жоспарды әзірлеуі және бекітуі алынып тасталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу