Премьер-министр орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 645/НҚ бұйрығымен Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы белгіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын", – деп көрсетілген құжатта.
Сондай-ақ құжатқа сәйкес, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялау және министрліктің интернет-ресурсында орналастыру тапсырылған.
Бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктеледі.
Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.