Қазақстанда жергілікті жолдардың 91 пайызы нормативтік жағдайда

288

Биыл 2,4 мың шақырым жергілікті жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  

Қазақстанда жергілікті жолдардың 91 пайызы нормативтік жағдайда Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Қазақстанда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қазір жалпы ұзындығы шамамен 70 мың шақырым болатын жергілікті жолдардың 91 пайызы нормативтік талаптарға сай, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 92 пайызға жеткізу жоспарланған. Биыл жергілікті маңызы бар 2,4 мың шақырым жолда құрылыс, реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін оның 2,3 мың шақырымындағы жұмыстарды аяқтап, жолдарды пайдалануға беру көзделген.

Биыл жергілікті жолдарды жаңарту бойынша ең көп жұмыс Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Қарағанды облысында 223 шақырым, Қостанай облысында 184 шақырым және Солтүстік Қазақстан облысында 164 шақырым жол қамтылған.

Жыл соңына дейін бірқатар ірі жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарында Семей қаласындағы автокөлік көпірін реконструкциялау, "Түркістан – Шәуілдір" автомобиль жолының 17 шақырымдық II кезегін реконструкциялау және ұзындығы 110 шақырым болатын "Лепсі – Ақтоғай" облыстық маңызы бар автомобиль жолын жаңарту бар.

Жергілікті жолдар елді мекендердің жоғары санаттағы автомобиль жолдарына шығуын, аудандардың облыс орталықтарымен байланысын және халықтың әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты республикалық жолдарды жаңғыртумен қатар, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың сапасын арттыру жұмыстары да жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу