Қазақстанда жеті айда сойылған мал мен құс еті 4,1% өсті

378

Сойылған ірі қара мал үлесі – 45,3%, құс бойынша 20,7%, қой – 13,6%.

Қазақстанда жеті айда сойылған мал мен құс еті 4,1% өсті Фото: inbusiness.kz

Биылғы жылдың жеті айында шаруашылықта сойылған немесе союға  өткізілген тірідей салмақтағы мал мен құс көлемі былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай өскен.

2023 жылғы қаңтар–шілдеде шаруашылықтарда 1,1 млн тонна тірі салмақтағы мал мен құс сойылды немесе союға өткізілді, бұл 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 4,1% көп.

Тірі салмақтағы мал мен құстың басым бөлігі жұртшылық шаруашылықтарында сойылған – 588 мың тонна, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында – 336,2 мың тонна, дара кәсіпкерлерде – 217,5 мың тонна.

Өңірлік бөліністе сойылған және союға өткізілген тірі салмақтағы мал мен құстың ең көп көлемі Алматы облысына тиесілі (141,3 мың тонна), одан кейін Түркістан (126,4 мың тонна) және Ақмола облыстары (122 мың тонна).

Өткен жылдың жеті айымен салыстырғанда сойылған малдың (тірідей салмақта) ең көп өсімі Шығыс Қазақстан облысында байқалды – 28,9%. Төмендеу Алматы қаласында тіркеліп отыр – 79,5%.

Сойылған ірі қара мал үлесі – 45,3%, құс бойынша 20,7%, қой – 13,6%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу